...
...
...
 
жаңалықтарының таратуға жазылу

 

ГлавнаяНовости

Новости



Республика рәміздері – халық ұраны  7 июня 2018 года
 1992 жылғы 4 маусымда Еліміздің мемлекеттік рәміздері – ҚР Мемлекеттік Туы, ҚР Мемлекеттік Гербі, ҚР Мемлекеттік Гимні алғаш рет қабылданды. 
Бұл – егемендік пен тәуелсіздік, халықтың бірлігі мен мемлекеттік билік атрибуттары. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан қалыптасудың қиын кезеңдерінен өтті. Осы тар жол, тайғақ кешу жолында оған мемлекеттік рәміздер қолдау болды. Бұлар мемлекет тәуелсіздігін, еркіндікті еліміздің сәулетін айшықтап отырды. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің және Астана қаласының 20 жылдығы күнін мерекелеу құрметіне қаламызда «Ұлы дала елінің рәміздері жасасын!» тақырыбында кең ауқымды акция өткізілді. Ақтас кентінен бастау алған мерекелік ісшараның ең тартымды сәті авто-, мотожүру Ақтас кентінің мәдениет-сауық орталығы алаңында, Дубовка кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі алдынан, «Горняк» ықшамауданында, Саран қаласының мәдениет Үйі алдындағы алаңда жүріп өтті. 
Ақтас кентінің мәдениет-сауық орталығы алаңында жоғары сынып оқушылары сапқа тұрды. Композиция ортасында мемлекеттік үлкен Туымыз орналасты. Ақтас кентінің тұрғындарын, авто-, мотожүру қатысушыларын Ақтас кенті әкімінің кеңесшісі Н. Отарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтап: «Бүгін еліміз басты мемлекеттік мерекелердің бірін Астананың 20 жылдығы белгісімен атап өтіп отыр. Астана – әлемнің ең жас әдемі астаналарының бірі, мемлекеттік рәміздер елдің тарихи жолының жарқын айғағы» - деп атап өтті. Саран қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі М. Мамированың «Нұр Отан» партиясының партиялық билеттерін жаңа мүшелер С. Абдрасилова, Г. Динисламова, Г. Лазуткина, Н. Отарбаевқа тапсыруы толғанысты сәт болды.
Аспанға көгершін формасындағы көк шарлар ұшырылды, содан кейін Мәдениет-сауық орталығының шығармашылық ұжымы және жалпы білім беретін мектеп оқушылары дайындаған мерекелік үлкен концерт басталды.
Жел ағынымен Туларымызды желбіреткен, кланксондарын үздіксіз қоңыраулатқан мотоциклшілер мен автомобильшілер қатысқан автожүру жүріп өткен жолдардың бәрінде өткіншілердің, қала мен кент тұрғындарының назарларын өздеріне аудара білді. Олар да автомобиль колонналарын ыстық ықыласпен қарсы алды, естелікке бейнеге, фотоға түсіріп жатты. 
Мерекелік ісшараның келесі бекеті - Дубовка кентіне бағыт алды, онда авто-, мотожүруге қатысушыларды № 2 жалпы білім беретін мектепте қарсы алды. Мектеп директоры А. Хамитова акцияға қатысушыларды құттықтап: «Ту, Герб, Гимн – егемен мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған саясатқа негізделген құндылықтарды бойына сіңірген. Ол ашықтық, бейбітсүйгіштік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Жастар арасындағы патриоттық тәрбие Елбасының «2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағдарында» қойылған басым міндеттердің, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі болып табылады» -деді. «Алға, Қазақстан!» флеш-мобы астана мүшелтойына сыйлық болды. 
«Горняк» ықшамауданы мерекелік колоннаны қарсы алған келесі алаң еді. Ықшамаудан тұрғындары № 6 ЖББМ, БЖО дайындаған жарқын бағдарламаның қатысушылары және көрермендері болды. Бұдан әрі авто-, мотожүруге Саран ОРБЖММ велошабандоздары қосылды. 
Салтанаттың ең шырқау биігі қаланың орталық алаңындағы мерекелік бағдарлама деп айтуға болады, онда қаланың кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелері, этномәдени бірлестіктері өкілдері, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары жиналды, олар авто-, мотожүруге қатысушыларды жылылықпен қарсы алды. 
Құрамына №44803 әскери бөлімше, «Жас ұлан» балалар-жеткіншектер ұйымы, кадеттер өкілдері кірген жиынтық хор ұжымының Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындауы мәдениет Үйіндегі мерекелік ісшараға ғаламат салтанат сәнін кіргізді. 
Акцияға қатысушыларға арнап Саран қаласының әкімі Е. Темирханов және Саран қалалық мәслихатының хатшысы Ө. Баймағанбетов сөз сөйледі. 
Домбырашылардың жиынтық ансамбілінің (қаламыздың 60 домбырашысы) ұлы сазгер Құрманғазының «Адай» күйін орындауы негізгі идеясы қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылатын ісшараға ерекше патриоттық сипат берді. 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «2050 Стратегиясында» кез-келген мемлекеттің күші – оның халқының ынтымағында- деп атап көрсетті. Біздің болашағымыз ортақ екенін әркез есте сақтауға тиіспіз. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Герб және Мемлекеттік Гимн мемлекеттіліктің және бірліктің символы болып табылады. Бейбітшілік, қайырымдылық және келісім еліміздің көк түсті Туымен бірге аспанымызда қалықтай берсін, Гимн қазақстандықтардың және бүкіл еліміздің жетістіктері үшін шырқалсын. 
Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні патриотизм мен еліміз үшін мақтаныш мерекесі болып есте қалары анық. 
Татьяна ИОНУС

  << Вернуться к новостям



...
07.06.2018
Республика рәміздері – халық ұраны
 1992 жылғы 4 маусымда Еліміздің мемлекеттік рәміздері – ҚР Мемлекеттік Туы, ҚР Мемлекеттік Гербі, ҚР Мемлекеттік Гимні алғаш рет қабылданды. 

 

 

 

Саран қаласының ішкі саясат бөлімі қызметінің дәрежесін бағалаңыз
Дауыс берудің мұрағаты


Ежедневные