...
...
...
 
жаңалықтарының таратуға жазылу

 

ГлавнаяНовости

Новости



1 мымыр–Қазақстан халықтарының бірлігі күні  11 мая 2018 года
 Қазақстан халықтарының бірлігі күні- қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық үшін ұлттары мен діни сенімдеріне қарамастан бізді біріктіретін мереке. Елбасының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан бейбітшілік, ұлтаралық жэәне конфесияаралық келісім ұстанымдарына негізделген табысты дамудың үлгісі болып табылады. 
Біздің қаламыз – қазақстандықтар достығының жарқын үлгісі. Саранда 70-ке жуық ұлт өкілдері тұрады. «ЖасОтау», «Ақшаңырақ», «Россиянка», «Якташлар» этномәдени бірлестіктері, «Видергебурт» неміс кездесу орталығының филиалы жұмыс жасайды, олар өздерінің белсенді жұмыстарымен әртүрлі ұлттар өкілдерін біріктіріп отыр және қалада тұратын ұлттардың мәдениеті, тілі, дәстүрлерінің қайта өрлеуі мен сақталуына жағдай жасайды, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық, бейбітшілік пен келісімнің нығаюына қомақты үлес қосуда. 
«Біз – бір халықпыз! Біз – бір елміз!» қалалық мерекесі 2018 жылғы 1 мамырда 12.00 сағатта қала тұрғындарының, құрметті азаматтардың, қалалық мәслихат депутаттарының, еңбек ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, жастардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен 5 колоннадан тұратын «Бейбітшілік маршы» салтанатты шеруімен басталды (қамтылуы 5 мың адам).
Шеруге қатысушылар жиыны «Рахат» дүкенінің жанында сағат 10.30 басталды.Сағат 11.30 колонналар салтанатты түрде «Бейбітшілік маршы» шеруін Жамбыл көшесімен мәдениет Үйіне дейін жалғастырды. Шеру мәнермен ұран салу, би билеу, домбырамен және баянмен ән салу арқылы көркемделіп отырылды. Әр колоннаЕлбасының бағдарламалық құжаттарының, сондай-ақ мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдардың логотиптерін пайдаланып Мереке тұжырымдамасына сәйкес ұрандармен ресімделген; гүлі бар бұталармен, түрлі-түсті шарлармен, жалаушалармен. 
Бірінші колоннаның алдында әртүрлі ұлттардың өкілдері Шаңырақты және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының белгісі – Қыран бейнесі бар транспорант ұстап шықты. Олардың артында түрлі-түсті жалаулары бар велосипедтегі 30 спортшы ерді.Одан әрі колоннаныфң алғы сабында қала әкімі, қалалық мәслихат хатшысы, құрметті азаматтар, қоғамдық кеңестер, сот, прокуратура, еңбек ардагерлері, жауынгер-интернационалистер, Қарулы Күштер, тыл еңбеккерлері өкілдері, депутаттар өтті. Жалпы саны 230 адамды құрады.
Екінші колоннада ЭМҚБжетекшілері мен өкілдері, 15 ұлттық мәдениет өкілдері шықты. Жалпы саны 340 адам.
Үшінші колоннада ірі және шағын кәсіпорындар, ПИК, ҰӨӨБ, қаланың жылу көздеріболды. Жалпы қамтылуы – 1500 адам.
Төртінші колоннаны қаланың білім беру ұйымдары құрады. Қамтылуы – 2 мың адам.
Шеруді аяқтаған 5-колонна – спортшылар еді. Қамтылуы – 500 адам.
Бұдан кейін мәдениет Үйі алдындағы орталық алаңда ұлттық мәдениеттер фестивалі, халықтық серуен, қаланың және облыстың жетекші шығармашыл ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама, мерекелік сауда өтті.
Мереке барысындаспорттық жарыстар мен ойындар ұйымдастырылды. 
Осы күні қалалық коммуналдық павильонда базар құнынан төмен бағамен мерекелік жәрмеңке өтті.

Ақтас кенті
1 мамырда Ақтас кентінің АМСО алаңында «Шаңырақ астында жүз халық» ұлттық мәдениеттер фестивалі өтті, ол мерекелік «Тойбастар» салтымен басталды. Фестивалге кент кәсіпорындары мен мекемелері, «Ақ шаңырақ», «Якташлар» этномәдени бірлестіктер, «Русская песня» хоры, «Томирис» би ансамблі қатысты. Мереке халық шығармашылығы ұжымдары және АМСО солистері қатысқан мерекелік концертке жалғасты.
Қалалық мерекеде болжамды қамтылуы – 8 мың адам, кентте – 2 мың адам.

  << Вернуться к новостям



...
22.05.2018
Отбасыңызға тату-тәтті ынтымақ орнасын!
 Отанға деген сүйіспеншілік оттың басы, ошақ қасынан басталады.
11.05.2018
1 мымыр–Қазақстан халықтарының бірлігі күні
 Қазақстан халықтарының бірлігі күні- қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық үшін ұлттары мен діни сенімдеріне қарамастан бізді біріктіретін мереке. 

 

 

 

Саран қаласының ішкі саясат бөлімі қызметінің дәрежесін бағалаңыз
Дауыс берудің мұрағаты


Ежедневные