...
...
...
 
жаңалықтарының таратуға жазылу
ГлавнаяБөлім жұмысы туралы есеп

Бөлім жұмысы туралы есеп




«Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ 2017 жылға есебі 
Ішкі саясат саласында 2017 жылғы жұмыстар ішкісаяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталды. 
Өткен жылдағы оқиғалары тізбегінің негізіне Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығы, EXPO-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы, Казыбек биl34 350 жылдығы жатады.
2017 жылы  1200-ге жуық қоғамдық-маңызды ісшаралар өткізілді, оның ішінде барынша көлемділері – мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге арналған ісшаралар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру және насихаттау, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру, сондай-ақ мерейтойларға арналған ісшаралар жатады. Қамтылуы шамамен 30 мың адам. 
Ісшаралардың белсенді қатысушылары халықтың қалың жігі – ардагерлер, үкіметтік емес сектордың, бизнес-құрылымдардың, діни конфессиялардың өкілдері, жұмысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, студенттер және басқалары болып табылады. 
Ішкі саясат бөлімі қызметінің басты бағыттарының бірі  бағдарламалық құжаттардың негізгі ережелері, атқарушы органдар жүзеге асыруға қабылдаған шаралар бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын  ұйымдастыру болып табылады.
2017 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: ғаламдық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша қаланың бірінші басшылары, қаржы секторының, әлеуметтік саланың, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық бірлестіктер қызметкерлері қатарынан 60 лекторды біріктірген қалалық  ақпараттық топ жұмыс жасады, жыл ішінде топ мүшелері қала кәсіпорындары мен мекемелерінде еңбек ұжымдарымен кездесті. Бұл бағыт бойынша түсіндіру жұмыстарына облыстық және республикалық ақпараттық топ мүшелері елеулі үлес қосты. 
Лекторларға ішкі саясат бөлімі 2017 жылы дайындаған ақпараттық материалдары, сондай-ақ  әзірленген тақырыптық әдістемелік құралдар көмегін тигізді. 
Үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Қазіргі уақытта қала аумағында 20 үкіметтік емес ұйым тіркелген, олардың қызметі қоршаған ортаны қорғау, мүгедектерді оңалту, олардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, әскери-патриоттық жұмыстар, балалар және ересектерді сауық қызметтерімен қамту бойынша ықшамаудандарда жағдайды жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері барлық қалалық комиссиялар мен кеңестердің мүшелері болып табылады. 
Ішкі саясат бөлімі мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен табысты қызметтерінің үлгісі жыл ішінде жүзеге асырылған 7 жоба болып табылады: «Мерейлі отбасы», «Біздің Отанымыз – Мәңгілік Ел», «Сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша жоба», «Отбасындағы зорлық, суицид профилактикасы бойынша жоба», «Діни экстремизм мен терроризм профилактикасы бойынша жоба», «Нашақорлық профилактикасы бойынша акция», «Имя на карте» профилактикасы бойынша жоба, сондай-ақ 2017 жылғы қарашада облыстық форумда өткен «Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» Қауымдастығы берген жоғары баға. 
Бөлім мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану саласында жұмыстар жүргізді. 
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссияның жұмысшы тобының мүшелері мемлекеттік рәміздердің жағдайы мен қолдануын, лицензиялық өнімнің болуын зерттеу бойынша ай сайынғы мониторингті жүзеге асырады,  мемлекеттік рәміздер жөніндегі заңдылық актілерге өзгерістер енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстар мен ақпараттар ұсынады. 2017 жылғы шілдеде Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған облыстық семинарда Саран қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласында инновациялық формаларды енгізу жөнінде презентациясы өтті.  
Қалада 1  «Нұр Отан» саяси партиясы, 7 конфессияны ұсынатын 8 діни бірлестік тіркелген.
«Нұр Отан» партиясының Саран филиалы қаланың қоғамдық—саяси өмірінде өтіп жатқан барынша елеулі оқиғаларға белсенді қатысушы және «Бақытты балалық», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Ауыл  тұрғындарын жұмыспен  қамту», «Ұлы дала қазынасы», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел», «Жастар – Отанға!», «Сәтті   қадам» жобаларының ұйымдастырушысы болып табылады.
Қаланың жетекші конфессиялары дәстүрлі діндер – сүннет бағытындағы ислам және православтық  христиандық. Олар қаланың конфессиалдық кеңістігінің ядросы және дінге сенушілердің негізгі бөлігін құрайды.  
Қала әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес діни жағдай, толеранттылық мәдениетіне тәрбиелеу, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтау, діни экстремизм профилактикасына мониторинг бойынша мақсатқа сай жұмыстар атқарады.   
2017 жыл ішінде Қарағанды қ. Дінтану-психологиялық-құқықтық консультация орталығымен бірлесіп Қарағанды облысында конфессияаралық қатынастар проблемасын зерттеу мен талдауға бірқатар семинар өткізді және діни экстремизм мен терроризм профилактикасы бойынша кездесу өткізілді.  Ақпараттық-түсіндіру материалдары жарияланды (жаднама).
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөнінде Саран қаласының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады. 
2013 жылдан Саран қаласының жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді, ол есепті мерзім ішінде қалалық жастарға тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа ортанастыру, жастар практикасы мәселелері бойынша 80-нен астам консультация ұсынды.  
Жастар қатарынан жалпы қамтылуы 8 мыңнан астам адаммен 123 қалалық ісшара өткізілді, олардың ішінде «Бессмертный полк», «Ардағым-Ардагерім», «Экопатруль», «В счастливых семьях - наша сила!», «От сердца к сердцу» қайырымдылық концерті сияқты кең ауқымды акциялар бар. 
Қаланың волонтерлік қозғалысы Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп есепті кезеңде 1700 –ден астам адамды қамтыған 18 ісшараны ұйымдастырды.  
Жастар ресурстық орталығы жұмысының оң үлгісі - «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 20 сарбазын жазғы каникул кезінде «Карат» ЖШС, «Абаттандыру» ЖШС, «Асар» ЖШС жұмысқа орналастырғаны.
Бағдарламалық құжаттарды ақпараттық сүйемелдеудің бөлінбес элементі ретінде плакат, стенді, билборд, транспарант, афиша түрінде сыртқы (көрнекі) жарнама пайдаланылды. Бүгінгі күнге Саран қаласы мен Ақтас кенті аумағында Президент Жолдауларын, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, бірлікті, келісімді сақтауды насихаттау, құқықбұзушылық профилактикасына бағытталған 7 билборд, LED экран және 4 тартқыш орнатылған. Сыртқы жарнама құралдарына мереке кезеңдерінде мерекелік тақырыптық баннерлер мен роликтер орналастырылды. 
Барлық қоғамдық-елеулі ісшаралар қалалық және облыстық БАҚ-та ( «Саран газеті» қалалық газеті, облыстық басылымдар «Орталық  Қазақстан», «Индустриальная Караганда», телеарналар «5 канал», «Қазақстан-Карағанды»).
Жалпы алғанда ішкі саясат саласында аталған бағыттар бойынша жұмыстар жаңа жылда да жалғастырылатын болады. 



...
27.12.2017
Мәуліт – мейірім мерекесі
Желтоқсан айының жиырма бесінші жұлдызында Саран қалалық мәдениет үйінде барша мұсылман баласы асыға күтетін Мәуліт мерекесі аталып өтті.

 

 

 

Саран қаласының ішкі саясат бөлімі қызметінің дәрежесін бағалаңыз
Дауыс берудің мұрағаты


Ежедневные